Mediasauat.kz
Әлеуметтік желі және қоғам

Қуыс үйден қашу: Нелли Блайдың тарихы

Бұл көркем фильмде құлдық санаға бағытталған терең тоникалық астар бар. Адамды бір призмаға жіпсіз байлап қою, сол арқылы психологиялық һәм физикалық тұрғыдан шектеудің кереағар қарекеттері көрініс тапқан. Әйтсе де, автордың жанкешті әрекеті, тіршілік үшін күресі оны бұл сұрапыл ситуациядан алып шықты. Жаһанда осындай анықталмаған, қоғамда резонанс тудырмаған Нелли Блай секілді тірі кейіпкерлер көп. Бірақ олардың басым көпшілігінің ахуалы шешімін таппаған. Қазіргі зайырлы қоғамда біреуді күшпен бағындыру және сана құлдығының құрсауында ұстаудың көрініс табуы — трагедия. Ал оны жою Нелли Блайға ғана емес, бәрімізге жүктелген борыш!

Шөлдегі гүл

«Цветок пустыни» бүгінгі қазақ қоғамына да ортақ қасіретті дерттің жанама нұсқасы іспеттес. Осы фильм арқылы тұтас ғапыл ғаламда сексизмнің, әйелдерге деген теріс идеологияның дендеп кеткен дертке айналғанына көз жеткізуге болады. Үлкен өмір жайлы, отбасы институты туралы түсінігі қалыптаспаған өрімдей қыздарды сексуалды азғындыққа еті үйренген дүмбілездерге тірідей беру — қасірет. Материалды әлеуеті төмен елдерде ғана емес, өркениет көшіне қосылған елдерде де осы таптаурындар бар. Басты кейіпкер өз өмірі үшін ғана емес, барлық қыз атаулының тағдыры үшін күрес жүргізген. Ол осы фильм-сұхбат арқылы түйірдей болса да тасыр қоғамның пайымын өзгертуге сеп болды. Өкініштісі, жас қыздарды тауар секілді сату Қазақстанда да бар факт. Адам — тірі жаратылыс. Бізге таңдау жасау, ұнату, сүю, ашық пікір айту секілді тән қасиеттер мен амал-әрекеттер бар. Дегенмен қыздарға келгенде бұл адами колориттер жойылып, оларға түрлі бағытта қысым көрсетіледі.  Бұл дүмшем түсінік бүкіл әлем күресуі тиіс міндет. Қыз атаулының құқығын таптау, шектеу — азаматтық қоғамға жат. Авторға осы жемір әрекеттерге, олқы цензураға қарсы шығып, тиімді насихат жүргізгені үшін алғыс!

Ерасыл Дарханұлы

Ұқсас жазбалар

Педагогикалық бедел мен имидж

admin123

ҚАЗІРГІ ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАСПА ӨНІМДЕРІ ДИЗАЙНЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

admin123

ҒАЛАМТОР ТОРЫНДАҒЫ ЖАСТАР

admin123