«Mediasauat.kz» вебсайтының негізгі мақсаты:
«Mediasauat.kz» вебсайтының басты мақсаты — қоғамның медиа кеңістіктегі ақпаратты дұрыс түсініп, талдай алу қабілетін арттыру, медиасауатты азаматтарды қалыптастыру арқылы жалған ақпарат пен манипуляцияларға қарсы тұру мәдениетін дамыту. Сонымен қатар, болашақ журналист мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіруді көздейді.
Міндеттері:
Медиасауаттылықты арттыру
Қоғам мүшелеріне ақпаратты сын тұрғысынан бағалау, жалған жаңалықтарды тану және медиа құралдарын тиімді пайдалану жолдарын үйрету.
Білім беру
Әртүрлі жастағы аудиторияларға арналған оқу материалдарын, бейнесабақтарды, инфографикаларды және нұсқаулықтарды ұсыну.
Журналистика студенттерінің кәсіби біліктілігін арттыру
Болашақ журналистерге арналған тәжірибелік тапсырмалар, кәсіби этика, фактчекинг, заманауи медиа технологиялар мен платформалар бойынша оқыту материалдарын әзірлеу және ұсыну.
Зерттеулер жүргізу және жариялау
Медиасауаттылық деңгейіне қатысты ғылыми зерттеулер жүргізіп, олардың нәтижелерін көпшілікке қолжетімді ету.
Қоғаммен байланыс орнату
Медианың кәсіби мамандарымен, оқытушылармен және журналистермен серіктесе отырып, тренингтер мен вебинарлар ұйымдастыру.
Жаңалықтар мен талдаулар ұсыну
Ақпарат құралдарын талдау, медиа трендтер мен фейк жаңалықтарды анықтау жолдарын көрсету арқылы аудиторияны ақпараттық қауіптерден қорғау.
Цифрлықжәне ақпараттық қауіпсіздікті насихаттау
Онлайн кеңістікте қауіпсіз болу жолдарын үйрету, жеке деректерді қорғау мәдениетін дамыту.