Бүгінгі таңда əлеуметтік желілер – ақпараттың басты көзіне айналды. Біз жаңалықтарды, оқиғаларды, тіпті ұсыныстарды дəл осы платформалардан аламыз. Алайда, желідегі əрбір пост немесе жаңалық шынайы ма? Əлеуметтік желілер арқылы бізге əсер ету, ойымызды басқару əдістері күн сайын дамып келеді. Бұл құбылысты манипуляция деп атайды.
Сонымен, біз желіде қалай алданамыз?
1. Тақырыпты бұрмалау
Кейде мақаланың тақырыбы мен мазмұны мүлде үйлеспейді. Тақырып əдейі сенсациялық немесе шок тудыратын етіп қойылады. Мақсат – оқырманның назарын бірден аудару.
Мысалы: Тақырып: «Ғалымдар шоколадтың зиянды екенін мойындады!». Нақты мəтінде: «Кейбір зерттеулер белгілі бір жағдайларда шоколадты шамадан тыс тұтыну зиян келтіруі мүмкін». Мұндай жағдайларда адамдар тек тақырыпты оқып, толық материалмен таныспай-ақ пікір қалыптастырады.
2. Монтаждалған суреттер
Кейбір посттарда қолданылған фотосуреттер шынайы көрінгенімен, олар өңделген немесе басқа оқиғамен байланысты емес болуы мүмкін. Табиғи апат туралы хабарда жалған немесе басқа елден алынған суреттер қолданылуы.
Суреттерге сене бермеу керек: əрдайым дереккөзді тексеру маңызды.
3. Қате дəйексөздер
Белгілі бір тұлғаларға немесе ғалымдарға айтпаған сөздерді таңып қоятын жағдайлар жиі кездеседі. Мысалы, “Альберт Эйнштейн айтқан: ‘Интернет – болашақтың апаты’” деген сияқты фейк дəйексөздер жиі таралады. Негізінде, Эйнштейн интернет туралы ешқашан пікір білдірмеген, өйткені оның заманында интернет болмаған!
Дəйексөздер мен фактілердің түпнұсқасын тексеру қажет.
4. Инфлюенсерлер арқылы жасырын жарнама
Инстаграм, TikTok сияқты платформаларда блогерлер немесе атақты адамдар бірөнімді немесе қызметті өз бетімен қолданып жүргендей көрсетеді. Бірақ шын мəнінде, бұл – жасырын жарнама.
Мысалы: Блогер жаңа сусынын көрсетіп: «Мынау ең дəмді екен, бəріне кеңес берем!» – дейді.
Бірақ ол посттың астында жарнама екені жазылмаған. Оқырман оны шынайы пікір деп қабылдайды. Бұл жағдайда оқырман шынайы ақпарат пен маркетингтік стратегияны ажырата алмай қалады.
Қорытынды
Əлеуметтік желілер бізге көп ақпарат береді, бірақ ол ақпараттың барлығы шынайы емес.
Манипуляцияның түрлерін білу – өзімізді алданудан қорғаудың бірінші қадамы.
Сақ болу үшін не істеу керек?
— Ақпараттың толық мəтінін оқу
— Фото мен дереккөздерді тексеру
— Дəйексөздердің шынайылығына көз жеткізу
— Жасырын жарнамаға сын көзбен қарау
«Ақпаратты білу – күш, ал оны дұрыс сараптай білу – еркіндік.»