Бүгін, яғни 6 мамырдан бастап Қазақстанда «көпе-көрінеу жалған ақпарат таратқан» адамды 10 жылға дейін бас бостандығынан айыратын заң өзгерісі күшіне енді.

Қазақстан қылмыстық кодексіне енгізілген жаңа өзгерістер бойынша «шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратып қоғамдық тәртіпті бұзу қаупін туғызған я болмаса азаматтардың құқықтарына және ұйымдардың немесе қоғамның я мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай нұқсан келтіргенгендерге» ірі көлемде айыппұл салу немесе он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын беру белгіленген.

Құқыққорғаушылар жаңа заң өзгерістер Қазақстанда адам құқықтары мен сөз бостандығын шектейтінін айтып, бұған дейін парламентке заң жобасын кері қайтарып алуға шақырған еді. Бірақ өткен айда парламент заң жобасын мақұлдап, президент қол қойды.

Қылмыстық кодекс жобасында «заңсыз араласу» сияқты түсініксіз ұғымдарды пайдалану да ҮЕҰ белсенділерінің көңілін күпті етеді. Ал қоғамдық бірлестіктерді заңды тұлғалардың «айрықша қауіпті» түрі ретінде бөліп-жарып көрсету «мемлекет атына айтылған» кез келген сынды басып-жаншуға көмектеседі дейді құқыққорғаушылар.

Қазақстанда «жалған ақпарат таратуға» қарсы жауапкершілікті күшейтуге биыл ақпан айында елдегі бірқатар банктерге қатысты тараған қауесет түрткі болған. Әлеуметтік желіде «Қазақстандағы үш банк банкротке ұшырау алдында тұр» деген сыбыс тарасымен салымшылар банктерден ақшаларын алуға асықты. Ол банктерге ешқандай қауіп төніп тұрмағаны туралы биліктің мәлімдемелеріне қарамастан бірнеше күннің ішінде салымшылар ондаған миллиард теңгені жедел қайтарып алған еді.

Жалған жаңалық, фейк ақпарат қай кезде де болған. Қазіргі пандемия кезінде тіпті көбейді. Әсіресе, адамдарға екпе арқылы чип салу, бетпердедегі құрт сияқты ел ішінде дүрбелең тудырған жаңалықтарды қазақстандықтар әлі ұмыта қоймаған болар. Қазір әлеуметтік желіге жарияланған немесе отбасылық чатқа келген күдікті мәліметті stopfake.kz ресми сайтында тексеруге болады. Александр Данилов, Stopfake.kz жобасының жетекшісі: – Жалған мәліметтерді ғылыми түрде зерттеп, халықаралық ұйымдар мен құзырлы мекемелердің көмегімен зерттеу жүргіземіз. Біз қате жаңалықты немесе жалған болып көрінетін хабарламаларды тауып, тексереміз. Әлеуметтік желілерге мониторинг жасаймыз. Күніне 10 шақты фэйк –ақпаратты тексереміз. Жоба жетекшісі Александр Даниловтың айтуынша, көп жағдайда фейк жаңалықтың дереккөзі болмайды. Ал болған күннің өзінде сілтеме жасалған мекеме немесе маман көбіне күдік тудырады. Жалған ақпарат таратушылар негізінен жалаң эмоцияға, еш ғылыми негізі жоқ жаңалық ашуға құмар дейді маман. Ал астаналықтар ақпараттың рас-өтірігін қалай ажыратады? Оның анық-қанығына қаншалықты көз жеткізеді? Қала тұрғындарына осы сауалдарды қойып көрдік.  Биыл халықты вакциналау жөнінде жалған ақпарат таратқандарға қатысты 11 қылмыстық іс қозғалған. Қазір оның үшеуі бойынша тергеу жүріп жатыр. Елде мұндай заң бұзу дерегі анықталған жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Шұғыла Тұрлыбек, ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі: – Жалған ақпарат таратқандарға 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады. Не болмаса, түзеу жұмыстарына, не 400 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сондай-ақ бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Жалпы жыл басынан бері  ел бойынша фейк ақпарат таратқандарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалған. Оның біреуі сотқа жолданды. Ал былтыр дәл осы кезеңде, яғни індет өршіп тұрған кезде 63  жалған мәлімет анықталған. Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова, Ерзат Зайтхан, Аят Дүйсембаев Осы категория бойынша: « Ақмола облысында күніне 10 адам ковидтен көз жұмады – дәрігер LinkedIn өкілдері Қазақстанда әлеуметтік желі бұғатталуына қатысты пікір білдірді »

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/489470-zhal-an-a-parat-tarat-andar-alaj-zhazalanady
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Әлеуметтік желілердің қоғамға ықпалы орасан. Ал онда жалған ақпарат тараса, зар­дабын есептей беріңіз. Сол тәрізді жуырда желіде елді дүрліктірген фейк ақпарат пай­да бол­ды. «Қазақстан Қытай құрамына кіреді» дегенді оқығанда мұның арандату екенін бір­ден аңғардық. Ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін мұндай жалған деректі кім таратты? Елімізде оған қандай қылмыстық жаза қарастырылған?
Бір жазбаның білдей ықпалы
Жақында ғана әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоның елі­міз ҚХР құра­мына кірген жағдайда оның сыртқы қарызының басым бөлігін жабуға дайын екенін» мәлімдегені туралы хабарлама елге таралып кетті. Бірақ ақпараттың рас-өтірігін ажыратпастан фейк дерекке сенгендердің де барын аңғардық. Ал оны таратқан Instagram желісіндегі qazinform24 атты парақша. Шынайы жаңалықтар жарияламайтын сатиралық ак­каунт. Профильде «аккаунт сати­ралық контент пен фейк жаңа­лықтар жариялайды» деп алдын ала ескерткен екен. Әйтпесе, Қа­зақстандағы ҚХР елшілігінің ресми сайты да, Төтенше және өкілетті елші Чжан Сяо да мұндай мәлімдемелер жасамаған. Демек, ҚХР құрамына кірсе, Қазақстан­ның сыртқы қарызы жабылатыны туралы хабарламалар өтірік. Бұл жерде мәселе мынау – жалған ақпаратты таратқандар сатиралық парақшаны дереккөз ретінде көр­сетпей жариялаған. Соның ке­сірінен қоғамда сәл де болса дүмпу болғанын көрдік. Ал жаңағы па­рақ­шаның авторлары өздерін кінәлағандарды әжуалап, «сатира­лық, фейк ақпарат екенін алдын ала ескерттік» деп жауап қатудан әрі аспай тұр. Әзірге qazinform24 аккаунтын жүргізіп отырған аза­маттарға жаза қолданыла ма, ол жағы белгісіз. Құзырлы органдар тарапынан оларға қатысты ресми мәлімдемелер шыққан жоқ. Па­рақша жұмысын әлі жалғастырып жатыр.

Ақтөбе қаласындағы №51 мектепке бомба қойылғаны туралы екі хабарлама бойынша тексеріс жүргізілуде, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Телефондық терроризм – бұл террористік акт немесе қылмыс дайындалып жатқаны туралы көрінеу жалған хабарлау. Жедел әрекет ету күштерінің жалған шақыруымен көптеген ұқсастықтары бар. Әдетте, телефон терроризмі термині қоғамдық жерде жарылғыш заттың болуы туралы жалған хабарлама деп түсіндіріледі.

Осы фактіні тексеру көп уақыт пен материалдық құралдарды қажет етеді.

Болжалды террорлық шабуылдың орнына полиция, құтқарушылар, кинологтар, өрт сөндірушілер, тергеушілер, арнайы қызмет мамандары және т.б. барады. Содан кейін бұл істің соңы телефон “әзілкештердің” ата-аналарын жауапқа тартуға әкеліп соқтырады.

Мысалы, ағымдағы жылдың бір айында Ақтөбе қаласындағы №51 мектепке бомба қойылғаны туралы екі хабарлама келіп түсті. Екі жағдайда да хаттар бір электрондық мекен-жайдан келген. Хабарлама жазған адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.

– Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабында қылмыстық жауаптылық белгіленген. ҚР ҚК-нің 273-бабында көзделген жауапкершілік 14 жасқа толған адамға қатысты қарастырылған, – дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылықты көздейді.

А. Арыстановтың айтуынша, білім беру мекемелерінің оқушылары арасында мұндай қоңыраулар жиі кездеседі. Оқушының жасына қарамастан, (оның жеке мүлкі мен табысының болмауына байланысты) келіп түскен хабарламаны тексеру жөніндегі арнайы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты материалдық залал оның ата-анасына жүктеледі.

Осылайша, бір қарағанда “зиянсыз деген хабарлама” бас бостандығынан айыруға дейін әкелуі мүмкін.

Өткен 2020 жылы терроризм актісі туралы осындай жалған хабарламалардың екі фактісі тіркелді, қоңырау шалушылар анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.